АҚШ-та ИШИМ операциясы жасалды

АҚШ ИШИМ-мен күрес операциясы аясында 1 қазақ пен 2 өзбек азаматын тергеуге алды.

238217
АҚШ-та ИШИМ операциясы жасалды

Американ Федеральды тергеу бюросы (FBI) және Нью-Йорк полициясы ИШИМ-ге қосылуды жоспарлаған 3 адамды Бруклинде тергеуге алды.
FBI лауазымдылары күдіктілердің бірінің әуежайда Түркияға бара жатқанда, екеуінің болса бөлек бір операция аясында тергеуге алынғанын білдірді.
FBI аталмыш 3 күдіктінің Сирияға барып ИШИМ-ге қосылғысы келгенін мәлімдеді.
19, 24 және 30 жасар күдіктілердің біреуі Қазақстан, екеуі Өзбекістан азаматы.
Күдіктілердің ИШИМ-ге қаржылай қолдау берумен айыпталуда.
Прокуратура дайындаған айыптау актісінде 24 жасар Өзбекстан азаматы күдіктінің өзбек тілінде жарияланған веб парақшасы арқылы ИШИМ-нің идеологиясын таратқаны және интернеттегі бір жазуында ұйым тапсырма берген жағдайда, АҚШ президенті Барак Обаманы өлтіре алатынын атап көрсетеді.
Айыптау актісінде басқа бір күдіктінің де «AK-47 автомат қару сатып алып, бүкіл полиция қызметкерлеріне оқ жаудырғысы келгені және FBI-дің Орталығына кіріп FBI мүшелерін өлтіретіні» туралы сөздер жазғаны атап көрсетілген.
Күдіктілер айыпталған жағдайда 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылатын болады.
АҚШ-та 2014 жылы тамыз айында жүргізілген бір зерттеуге қарағанда 100-ден астам АҚШ азаматының ИШИМ содырларына қосылғаны атап көрсетілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар