БҰҰ басшылығында өткен Ливия келіссөздері тоқтады

Тобрукта сайлаумен құрылған Ливия парламенті келіссөздерді тоқтатуға шешім қабылдады.

230166
БҰҰ басшылығында өткен Ливия келіссөздері тоқтады

Ливия таңы қозғалысына қарасты күштер Триполиді қолға түсірген соң елдің шығысына көшірілген парламент келіссөздерді тоқтатуды дауысқа салды. ПарламентБҰҰ басшылығында жүргізілген келіссөздерді тоқтату жөнінде шешім қабылдады.
Шешімнің неліктен қабылданғаны жайлы мәлімдеме жасалмады.
Ливияда қақтығысқан тараптардың басын қосқан келіссөздердің жаңа туры бейсенбі күні Мароккода басталатын.
БҰҰ Ливия арнайы өкілі Бернардино Леонның пікірінше келіссөздер Ливиядағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы.
ИШИМ соңғы кездері Ливиядағы шабуылдарын арттырған болатын.
Зейнеттегі генерал Хафтарға қарасты күштердің Тобрук үкіметімен қарым-қатынасын үзгені білдірілді.
Хафтарға қарасты күштер премьер-министр Абдуллах әл-Синидің Бенгазиге кіруіне рұқсат етпеген болатын. Премьер-министр Сини бұл оқиға туралы мәлімдеме жасаған Ішкі істер министрін міндетінен босатты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар