Әуесқой сүңгуірлер қымбат қазына тауып алды

Бұл – Израиль территориясында қазірге дейін табылған ең қымбат қазына.

223890
Әуесқой сүңгуірлер қымбат қазына тауып алды

Әуесқой сүңгуірлер қымбат қазына тауып алды.


Сүңгуірлер Израильдің Кесария порты маңында фатимилерден қалған алтын ақша тапты.


Бұл – Израиль территориясында қазірге дейін табылған ең қымбат қазына.


Қазынаны екі аптадан бері Хайфа портының оңтүстігінде Кесария порты маңында сүңгіп жүрген әуесқой топ тауып алды.


Теңіз түбінде табылған екі мың алтын ақша осыдан мың жыл бұрыннан қалған деп болжалып отыр. Мамандардың айтуынша бұл қазына Фатимилер әулетінен қалған.


Қазынаны тапқан сүңгуірлер алдымен бұларды ойыншық немесе жасанды ақша деп ойлады. Өкілетті органдарға апарып көрсетіп, қазынаның шын байлық екені анықталғаннан кейін қазынаның барлығы су астынан шығарылды.


Израиль Ежелгі бұйым департаментінің мамандары қазынаның аса құнды екенін айтып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар