Украина президенті Порошенко «аралық аймақ» ұсынысына қарсы

Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары тағы бір рет тараптармен телефон арқылы әңгімелеседі.

214240
Украина президенті Порошенко «аралық аймақ» ұсынысына қарсы

Басшылар Украина бейбітшілік жоспарын құру жұмыстарын жалғастыруда.
Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары тағы бір рет телефонмен әңгімелеседі.
Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер, Франция мен Германияның ортақ бейбітшілік бастамасының қандай нәтиже беретінін 2-3 күннің ішінде көретіндерін атап айтты.
Бейбітшілік бастамасының егжей-тегжейі әлі белгісіз. Франция президенті Олландтың мәлімдемесіне қарағанда ұсыныстар арасында майданда 50 мен 70 шақырымдық әскерден тазартылған «аралық аймақ» құру да бар.
Украина президенті Порошенконың «аралық аймақ» ұсынысын ресейшіл жікшілдерге жер бөлу деген мағынаға келгені себепті бұл ұсынысты қабылдамағаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар