Мұсылман мемлекеттерде Шарли Эбдоға қарсы наразылықтар артуда

Шарли Эбдо журналының жаңа нөмірінің алғашқы бетіндегі карикатураға ислам әлемі наразылық көрсетті.

186263
Мұсылман мемлекеттерде Шарли Эбдоға қарсы наразылықтар артуда

Францияның астанасы Париждегі кеңсесіне өткен апта қарулы шабуыл ұйымдастырған апталық әзіл-ысқақ журналы Шарли Эбдоның оқиғадан кейінгі жаңа нөмірінің алғашқы бетінде қайтадан дау-дамайлы карикатура қолданылуына мұсылман мемлекеттерден наразылықтар келуде.
Әлем мұсылман ғалымдар одағы киелі құндылықтарға қарсы қимыл-әрекеттердің қылмыс ретінде қабылдануы жөнінде халықаралық бір заңның шығарылуы үшін шақыру тастады.
Иерусалим мүфтиі болса карикатуралардың «мұсылмандардың құндылықтарына қарсы ашық түрде парасатсыз қылық көрсету екенін» атап көрсетті.
Иордания Мұсылман бауырлар ұйымының саяси қанады Ислами майдан партиясынан да журнал жариялаған карикатура себепті кешірім сұрау керектігін алға тартты.
Судан Мұсылман ғалымдар делегациясы, мұсылмандарды жұма күні шеруге шақырды.
Хамас журналдың мұндай басылымдарының әлемдегі мұсылмандарды ашық түрде асқындырғанын атап көрсетті.
Ливандағы Хизбулла ұйымы журналдың жаңа санында орын алған карикатуралардың «Мұсылмандарға жаңа және қауіпті бір парасатсыздық екеніне қоса қақтығыс пен террорды жақтайтын бір ұстаным» ретінде бағаландырды.
Йемен елбасы Абдуррабу Мансур Хади, Саид Каучидің Йеменде жаттықтырғаны жайлы баспасөзде шыққан хабарларға наразылық көрсетті.
Хади «Йеменді нысанаға алған қате ақпараттар үстіне құрылған жаман және қатал бір медиа акциясы жүргізілуде» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар