Палестина жобасы Қауіпсіздік кеңесіне

Араб елдері жобаны түзетілген қалпымен ұсынуға шешім берді.

165510
Палестина жобасы Қауіпсіздік кеңесіне

Палестина жобасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылады.


Араб елдері жобаны түзетілген қалпымен ұсынуға шешім берді.


Араб елдерінің өкілдері БҰҰ-ның Нью-Йорктағы орталығында бас қосты. Жиналыста Палестина шешім жобасына түзетулер енгізілді.


Түзетулер еврей қоныстанушылар мәселесі, саяси тұтқындар, Шығыс Иерусалимнің Палестина мемлекетінің астанасы болуы сынды тақырыптарға енгізілді.


Жобаны Иордания өкілі Қауіпсіздік кеңесіне ұсынады. Иорданияның БҰҰ өкілі Дина Кавар осыдан кейінгі қадамның жоба Қауіпсіздік кеңесінде дауысқа салынатын ыңғайлы уақытты анықтау екенін айтты.


Америка Құрама Штаттары жобаның Палестина-Израиль бейбітшілігіне пайда әпермейтінін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар