Ресей-Абхазия стратегиялық серіктестік келісімі

Келісімге Сочиде қол қойылды.

205066
Ресей-Абхазия стратегиялық серіктестік келісімі

Ресей Грузиядан бөлініп шыққан Абхазия Автономдық Республикасымен стратегиялық серіктестік келісіміне қол қойды.


Кеше Ресейдің Сочи қаласында қол қойылған келісімге қарағанда, Грузия мен Абхазия арасындағы шекараны орыс және абхаз жасақтары қорғайды.


Екі ел арасында әлеуметтік және экономикалық саладағы ынтымақтастықты да қамтитын келісімге қарағанда тараптар бір-біріне қарсы қарулы шабуыл болса қолдау көрсетеді. Барлық көмекті береді.


Ресей мен Абхазия армиялары кемінде бір жылдың ішінде ортақ қорғаныс жасақтарын қалыптастырады.


Грузия Сыртқы істер министрі болса аталмыш келісімді айыптап, мұның «аннексия» екенін хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар