Франция мен Ресей арасында соғыс кемесі дағдарысы жалғасуда

Франция Ресей тапсырыс берген Мистрал типі соғыс кемені тапсырудан бас тартып отыр.

205144
Франция мен Ресей арасында соғыс кемесі дағдарысы жалғасуда

Франция Сыртқы істер министрлігі Лоран Фабиус жасаған соңғы мәлімдемесінде елінің Ресей тапсырыс берген соғыс кеменің орыс армиясына өткізу үшін жағдай ыңғайсыз екенін айтты.
Франция 2011 жылы Ресеймен 2 Мистрал соғыс кемесін жасау және тапсыру тақырыбында 1 миллиард 600 миллион долларлық бір келісімге қол қойған болатын.
Францияның келісім бойынша кемелердің бірін қараша айының аяғына дейін тапсыруы күтілетін.
Ресейдің Украина дағдарысындағы рөліне назар аударған Фабиус «Ресейдің тікелей және жанамалы түрде бөлшектенушілерге қолдау беруі, басқа жақтан Украина жасаған жағымсыз мәлімдемелер де қабылданбайды» деді.
АҚШ және басқа батыс елдері Украина дағдарысын себеп ретінде көрсетіп, соғыс кемелерін Ресейге тапсырмауы тақырыбында француз әкімшілігіне қысым жасап отыр еді.
Мистрал кемелерін тапсырмаған жағдайда, Франция Ресейге ауыр төлемақы төлеге мәжбүр болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар