«Асад елді басқарған сайын ISIS-ті жеңу қиынға соғады»

АҚШ-тың Сириядағы бұрынғы өкілетті елшісі Роберт Форд мәлімдеме жасады.

199293
«Асад елді басқарған сайын ISIS-ті жеңу қиынға соғады»

АҚШ-тың Сириядағы бұрынғы өкілетті елшісі Роберт Форд «Башар Асад режимі елді басқарған сайын елдің шығысындағы ISIS-ті жеңу қиынға соғады» деді.


Форд коалиция күштерінің әуе шабуылдары арқылы күшін әлсіретуге тырысқан ISIS-пен күрестің Сирияда Башар Асад әкімшілігін күшейткеніне назар аударды.
Форд «Сирияда қыркүйек айында басталған әуе шабуылының іс жүзінде оппозицияға жақын көзқарастағы топтарға зияны тиді. Сирияның шығысында ISIS нысаналарын жойып, тікелей Асад режиміне қолдау берген сияқтымыз. Осында ISIS жасақтары оппозицияға жақындығы бар топтармен емес, Асадпен соғысатын» деді.
Сирияда оппозиция күштерінің қоршауындағы бір аймақта АҚШ басшылығындағы коалиция күштері жасаған әуе шабуылдары нәтижесінде режим күштерінің қоршаудан құтылғанына назар аударған Форд «Негізінде былай қарасақ біз Асад әуе күштерінің ролін атқардық» деп бағаландырды.
АҚШ Қорғаныс министрі Чак Хэйгел болса бір телеарнада террор ұйымы ISIS-ке қарсы күрес бастаған халықаралық коалиция күштерінен Асад әкімшілігінің жанамалы түрде пайда көргенін қабылдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар