Иранда ұшақ құлады

Иран қауіпсіздік күштеріне тиесілі ұшақтағы 7 адам қаза тапты.

154001
Иранда ұшақ құлады

Тегераннан Захиданға қарай ұшып жатқан Иран қауіпсіздік күштеріне тиесілі Turbo Commander типі ұшақтың құлауы нәтижесінде 7 адам қаза тапты.
Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда Захидан уәлаятының Сераван аймағында қауіпсіздік күштеріне жасалған террор шабылын тексеретін топты тасыған ұшақ Захиданның Курейн ауданы маңында құлады.
Ұшақтағы 4 қауіпсіздік қызметкері мен 3 экипаж қаза тапты.
Ұшақтың құлау себебі қазірше анықталған жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар