НАТО Бас хатшысы Түркияға келеді

НАТО Бас хатшысы Йонс Столтенберг бірқатар ресми кездесулер өткізеді.

НАТО Бас хатшысы Түркияға келеді

НАТО Бас хатшысы Йонс Столтенберг Түркияға шұғыл зияратпен келеді.
Сириямен шекарадағы қақтығыстар шұғыл кезеңге кірген бір мезгілде жасалатын зияратта НАТО Бас хатшысы бірқатар ресми кездесулер өткізеді.
НАТО Бас хатшысы Йонс Столтенберг бейсенбі күні азанда алдымен Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлұмен бас қосады.
Кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Артынан Бас хатшының екі жақты кездесулер өткізуі күтілуде.
Зияраттың негізгі күн тәртібін Сирия шекарасындағы оқиғалар құрайды.
НАТО Бас хатшысы Йонс Столтенберг «НАТО-ға мүше Түркияның шекараларын қорғау негізгі жауапкерлігіміз» деп, Түркияның қасында болатындарын атап өтті.
НАТО Бас хатшысы Йонс Столтенбергтің жұма күні Түркиядан кетуі күтілуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар