ISIS-ті жою мақсатты басталған операциясы жалғасуда

Әуе шабуылдары барысында 12 мұнай өңдеу орны мен ISIS-тің штаб пәтері бомбаланды.

137961
ISIS-ті жою мақсатты басталған операциясы жалғасуда

Ұйымның Сирияның Ракка қаласындағы бас штаб пәтерінің кеше жойылғаны және бүгін де ISIS бақылауындағы мұнай өңдеу орындарының нысанаға алынғаны білдірілді.
12 мұнай өңдеу орны жойылған операцияда 14 ISIS мүшесінің де өлтірілгені білдірілді.
Кіші мөлшерлі мұнай өңдеу орындары ұйымның жанармай қажеттілігін қамтамасыз етіп жатқанда, күніне 500 баррель мұнай өндірісімен 2 миллион доллар табыс әкелетін.
Германия Ирак Күрт аймақтық әкімшілігіне қару жарақ және оқ жәрдемінің алғашқы бөлігін жіберді.
Ирак үкіметінің сұранысымен алдымен Бағдатқа жіберілетін жүк ұшағының кейін Эрбилге өтетіні хабарланды.
Бір аптаға жалғасуы жоспарланған жүк құрамында автомат, танк қағар, гранатқа қоса шатыр және медициналық материалдар да орын алады.
Германия Ішкі барлау ұйымы террор ұйымы ISIS-ке Еуропа арқылы 3 мың адамның қосылғанын жариялады.
Канада ISIS-ті террор ұйымы тізіміне алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар