Австралияда 'ISIS' операциясы

Австралия полициясы ISIS-ке қарсы ауқымды бір операция жасап 15 адамды тергеуге алды.

130716
Австралияда 'ISIS' операциясы

Австралия полициясы ISIS террор ұйымына қарсы елдің ең ауқымды террор операцияларының бірін жасады.
800 полиция қатысқан операцияда 15 адам тергеуге алынды.
Ұсталғандар арасында бір күдікті туралы өте ауыр айыптаулар тағылғаны және сотқа жіберілгені білдірілді. Тергеу барысында қару табылғаны да атап көрсетілді.
Австралия өткен апта Ирак пен Сирияда ISIS-ке қосылып кейін елге оралған азаматтар себепті террорлық қауіп сигналын ең жоғарғы деңгейге көтергенін жариялаған болатын.
Федералды полиция басшысы Андрув Кольвин ISIS мүшелерінің халыққа қарсы шабуыл жоспарлары жасағанын айтты.
ISIS-тің бір адамды ұрлаған соң камера алдында шоу мақсатты басын кесіп өлтіруді жоспарлағаны атап көрсетілді.
Австралия премьер-министрі Тони Абботт ISIS-тің ‘шоу мақсатты қастандықтарға’ ынталандырғаны тақырыбында ақпарат алғандарын білдірді.
Лауазымдылар 60 Австралия азаматының Ирак пен Сирияда ISIS қатарына қосылғанын, 100 ISIS мүшесінің болса ел көлемінде жұмыстанғанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар