Вакцина егілген балалар шетінеп кетті

Кемінде 20 баланың қайтыс болғаны білдірілді.

128421
Вакцина егілген балалар шетінеп кетті

Сирияда Біріккен Ұлттар балаларға көмек қоры ЮНИСЕФ пен Әлемдік денсаулық ұйымы қолдау берген акцияда вакцина егілген кемінде 20 баланың қайтыс болғаны білдірілді.


Бұл туралы мәліметті оппозиция тарапынан құрылған уақытша үкіметке қарасты Денсаулықты сақтау министрлігі берді. Хабарламаға қарағанда, Идлибтің түрлі аймақтарында жүргізілген бір жарым миллион баланы қамтитын ЮНИСЕФ және Әлемдік денсаулықты ұйымының вакцина акциясында 1 және 5 жас аралығындағы балалар дәрі егілгеннен он бес минуттан кейін қайтыс болды.


Аталмыш оқиғаның себебі лаборатория тексеруінен кейін анықталады.


Денсаулықты сақтау министрлігі вакцина акциясын тоқтатты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар