«Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздік» конференциясы басталды

Конференцияға Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысады

126644
«Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздік» конференциясы басталды

«Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыпты конференция бүгін Францияның астанасы Парижде басталды.
Конференцияда ИЛИМ экстремисттік ұйымына қарсы жаһандық күрес қолға алынады.
Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысқан конференцияға сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесіне қоса батыс елдері мен араб мемлекеттерінің өкілдері де қатысуда.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысқан конференцияда шамамен 30 елдің тиісті министрлері тақырыпты талқылайды.
Конференцияда ИЛИМ экстремисттік ұйымының қаржы көздерін құрыту, шекара қауіпсіздігі және Иракта ИЛИМ шабуылдары себепті елді-мекендерін тастап кетуге мәжбүрленгендерге гуманитарлық көмек көрсету тақырыптары да күн тәртібіне келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар