Асад күштері тағы шабуылдады

Халептегі операцияларда 53 адам қаза тапты.

113146
Асад күштері тағы шабуылдады

Асад күштері ауыр қарулармен шабуыл ұйымдастырды.

Сирия Адам құқы ұйымы тарапынан жарияланған мәлімдемеде Асад күштерінің оппозицияның басқаруындағы аймақтарға құрлық пен әуеден ауыр қарулармен шабуыл жасағаны білдірілді.
Шабуылдарда 53 адам қаза тапты.
Сирия Жалпы төңкеріс кеңесінен жасалған мәлімдемеде Исламдық шепке қарасты жасақтардың Халепте Шәйх Сайд аймағына ұйымдастырған шабуылдары арқылы әкімшілік күштерін ауыр шығындағаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде армияға қарасты тікұшақтардың Халепте оппозицияның басқаруындағы аймақтарға құрлық пен әуеден барель бомбаларын атқаны, соғыс ұшақтарының астана Дамаск қаласында әкімшілік қарсыластары билігіндегі Жобар, Мулейха және Дума аймақтарына бомба жаудырғаны, қаланың батысындағы Дарея аймағына құрлықтан құрлыққа атылатын зымырандармен шабуыл жасағаны білдірілді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар