Ресей Украиналық миллиардерді сыртынан қамауға алуға үкім шығард

Оған «соғыс жүргізудің тиым салынған әдістерін қолданды» деген айып тағылуда

113044
Ресей Украиналық миллиардерді сыртынан қамауға алуға үкім шығард

Ресей Украинаның Днепропетровск провинциясының губернаторы миллиардер Игорь Коломойскийді сыртынан қамауға алуға үкім шығарды.
Ресей тергеу комитеті Украина үкіметі мен елдің шығысындағы жікшілдермен соғысып жатқан әскерлерге материалдық жәрдем беріп отырған Коломойскийдің Ресейдегі мал-мүлкіне де «Донецк пен Луганск аймақтарында бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін ауыр қылмыс жасады» деген айып тағып тұсау салды.
Коломойскийдің Ресейдегі барлық офистері мен фирмаларында тінту жүргізілгені және табылған құжаттардың Тергеу комитеті тарапынан алынғаны білдірілді.
Украинада «Приват» компаниясының құрушысы Коломойский 3 миллиард 645 миллион долларлық байлығымен елдегі екінші бай адам болып табылады.
Ресей Тергеу комитеті маусым айында Коломойский мен Украина ішкі істер министрі Арсений Аваковтың үстінен іс қозғаған болатын. Кейін Мәскеу соты тарапынан «соғыс жүргізудің тиым салынған әдістерін қолданды», «адам ұрлады», «журналистердің кәсіби жұмысына кедергі келтірді» сияқты айыптар тағылып, Коломойскийдің сыртынан қамауға алу шешімі шығарған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар