БҰҰ Кипрдағы Бейбітшілік күшінің міндет мерзімін ұзартты

Ұйым міндет мерзімін тағы 6 айға ұзартуға шешім қабылдады

75210
БҰҰ Кипрдағы Бейбітшілік күшінің міндет мерзімін ұзартты

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі Кипрдағы БҰҰ Бейбітшілік күшінің міндет мерзімін 6 айға ұзартуға шешім қабылдады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кеше өткізген жиналыстың артынан мүшелердің дауысын толығымен жинап, Кипрда 1964 жылдан бері қызмет еткен Бейбітшілік күшінің (UNFICYP) міндет мерзімін 2015 жылдың 31 қаңтар күніне дейін ұзартуға шешім қабылдады.
Кеңес БҰҰ басшылығында тараптар арасында жүргізілген келіссөздердегі дамудың тіркеуге алынғанын, дегенмен аралда ауқымды және тұрақты бір қорытындының әлі қабылданбағанын атап, тараптарға маңызды тақырыптарда жаңа қадамдар басу мақсатты келіссөздерді жалғастыруға шақырды.
Басқа жағынан Қауіпсіздік кеңесі, БҰҰ Иракқа қолдау қызметінің (UNAMI) міндет мерзімін 1 жылға ұзартып, қызметтің 2015 жылдың 1 шілде күніне дейін осы елде қалуын қамтамасыз етті. Иракта соңғы кездері артқан террор қаупіне назар аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар