Славянск және Краматорск қалашықтары Украинаның бақылауында

Сепаратистер Донецк қаласына шегінді

121912
Славянск және Краматорск қалашықтары Украинаның бақылауында

Украинаның шығысында Украина әскерлері мен Ресейшіл сепаратистер арасында қақтығыстар жалғасуда.
Украина әскерлері аймақта әскери операцияларын жалғастыруда, ал президент Петр Порошенко әскери операцияларды ұйымдастыратын жаңа басшы тағайындады.
Өткен апта Қорғаныс министрін де ауыстырған Петр Порошенко сепаратистерге қарсы операцияларды күшейтті.
Украина армиясы Славянск мен Краматорск қалашықтарын азат етті.
Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Славянскға электр, су мен басқа да қажетті нәрселердің берілетінін және екі күн ішінде жағдайдың дұрысталатынын айтып отыр.
Славянск қалашығын тастап кетуге мәжбүр қалған сепаратистер Донецк қаласына шегінді.
Украина армиясы екі қалашыққа да Украина байрағын тікті.
Ал АҚШ президенті Барак Обама мен Франция президенті Олланд телефон арқылы Украина мәселесін талқылады.
Екі көшбасшы Ресей президенті Владимир Путинді сепаратистердің Украинамен келісімге келуі мәселесінде қысым жасауға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар