Ши Жинпиң мен Ангела Меркель кездесті

Екі басшы көлемді стратегиялық ортақтық тақырыбында ортақ көзқараста келді.

121239
Ши Жинпиң мен Ангела Меркель кездесті

Қытай елбасы Ши Жинпиң ресми зияратпен еліне келген Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен кездесу өткізді.
Ши Жинпиң кеше өткен кездесуде екі елдің көлемді стратегиялық ортақтық тақырыбында ортақ көзқараста екенін атап көрсетті.
Қытайдың Еуропа елдерінің ізгі ортағы болуға талпынатынын білдірген Ши Жинпиң Германияның Қытай-Еуропа қарым-қатынастарындағы маңызды ролін жалғастыруын үміт ететінін білдірді.
Германия премьер-министрі Ангела Меркель финанс, өнеркәсіп, ғылым мен технология, әлеуметтік қауіпсіздік, ұшақ және ғарыш жұмыстарында жаңа салаларда ынтымақтастықты бекемдеуді қалайтындарын атап айтты.
Германияның Қытайдың ұйымдары үшін инвестиция ортасын жақсартатынын дәріптеген Меркель екі ел халқының өзара зияраттар мен кездесулерді оңайластыратынын білдірді.
Германия премьер-министрі Ангела Меркель елбасымен кездесуі алдында Қытай премьер-министрі Ли Кычиаңмен кездескен еді. Екі лидер елдері арасындағы жоғары өрелі финанс маханизмдерін құруды қамтыған қоршаған орта, энергия үнемдеу, қала құрылысы, медицина салаларында ынтымақтастықты жетілдіру тақырыптарында келісімге келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар