Славянск қаласының бақылауы қайтадан Украина армиясында

Әкімшілік ғимаратына қайтадан Украина туы тігілді

119503
Славянск қаласының бақылауы қайтадан Украина армиясында

Украинада үкімет күштері Ресей жақтаушысы бөлшектеушілер қолға түсірген Славянск қаласын кеше қайта бақылауға алды.
Осылайша үкімет күштері Ресей жақтаушысы топтарға қарсы маңызды бір табысқа қол жеткізді.
Президент Петр Порошенко қол жеткізілген табысты «маңызды кезең» ретінде бағаландырды.
Бөлшектеушілер маңызды орталықтарының бірі болған және сәуір айынан бері жалғасқан қақтығыстар шоғырланған Славянскта Украина армиясы қаланы ауыр зымырандармен атқылады.
Қаланы қолға түсірген украин әскерлері Қала әкімшілігі ғимаратының төбесіне Украина туын тіксе, Ресей жақтаушысы бөлшектеушілер жасақтарын жинау және шабуылдау мақсатты қаланың сыртына шықты.
Әскерлермен бірге Славянскты аралаған жаңа Қорғаныс министрі Валерий Хелетей азық-түлік пен басқа да қажетті жедел материалдар жүктелген 3 ұшақтың 100 мың тұрғыны бар қалаға жақында ұласатынын мәлімдеді.
Қаладағы қақтығыстарда жараланған 150 шақты Ресей жақтаушысы бөлшектеушінің болса Донецк қаласында емделгенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар