«Премьер-министрлік үміткерлігінен шегінбеймін»

Ирактың премьер-министрі Нури Ел Малики үміткерліктен шегінбейтінін жариялады.

118318
«Премьер-министрлік үміткерлігінен шегінбеймін»

Ирактың премьер-министрі Нури Ел Малики құрылатын жаңа үкіметте премьер-министрлік үміткерлігінен шегінбейтінін айтты.
Нури Ел Малики мемлекеттік телеанадағы мәлімдемесінде «Террористтер алдында соғыс майданынан шегінуім діни, отандық және ахлақтық жауапкерліктен қашу мағынасына келеді. Сол себепті премьер-министрлік үміткерлігінен әсте шегінбеймін» деді.
«Ирактың жауларын жеңгенге дейін қарулы күштердің және еріктілердің қасында күресті жалғастырамын» деген Малики Заңдық мемлекет коалициясының Мәжілістегі ең көп орынға ие топ екенін ескертті.
Соңғы сайлауларда Малики лидер болған Заңдық мемлекет коалициясы Мәжілісте 93 орын иелеген болатын.
Үкімет құру үшін парламентте 165 орынға жету қажет болған Иракта Жоғары Сайлау комиссиясы жариялаған нақтылы нәтижеге қарағанда ешқанадй партия жалғыз өзі үкімет құратын көпшілік орынды иелей алмады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар