Ф-35 ұшақтары әзірге ұшпайды

АҚШ ұшақ моторларын қайтадан тексеруден өткізеді.

117207
Ф-35 ұшақтары әзірге ұшпайды

Америка Құрама Штаттары Ф-35 ұшақтарының ұшуын уақытша тоқтатты. Бұл ұшақтардан Түркияда сатып алуды жоспарлап отырған болатын.


Америка Құрама Штаттары мұндай шешімге 23 маусым күні бір ұшақтың Флоридадағы әуе базасынан көтерілуі барысында шыққан өрттен кейін келді. Ұшақ көтерілуге дайындалып жатқан кезде өрт шығып, ұшқыш аман қалған еді.


Енді АҚШ Пентагонның осы шешімінен кейін ұшақтардың моторларын қайтадан тексереді. Бұл ұшақтарды Америка Құрама Штаттарында Әуе күштері және Флоты қолданып отыр.


Құны бірнеше рет арттырылып, кешіктірілген Ортақ шабуыл ұшағы бағдарламасының ауқымы 398,6 миллиард долларға жетті. Өткен ай ұшақтарда жағармай аққаны байқалып, ұшақтардың барлығы қайта тексеруден өткен болатын.


Ортақ шабуыл ұшағы деп те аталған Ф-35-тердің өндірісінде Америка Құрама Штаттары және Түркиямен қоса 9 ел орын алуда.


Радарға көрінбейтін осы ұшақтардан Түркия 100 дана алуды жоспарлап отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар