АҚШ тәуелсіздігінің 238 жылдығы тойланды

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігінде мемлекет мерекесіне орай қонақасы берілді.

117105
АҚШ тәуелсіздігінің 238 жылдығы тойланды

Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 238 жылдығы Анкарадағы өкілетті елшілікте тойланды.
Үй иесі Америка Құрама Штаттарының Анкарадағы толық құқықты және өкілетті елшісі Френсис Рикардоне қонақтарды жұбаймен бірге есік алдында күтіп алды.
Өнер, саясат және іскерлер әлемінен таңдаулы қонақтар шақырылған қонақасыға Еуропа Одағы министрі Мевлут Чавушоғлұ мен Қазына министрі Мехмет Шимшек қатысты.
Қонақасыда сөз сөйлеген Мевлут Чавушоғлұ аймақта болып жатқан оқиғалардың екі ел арасындағы ортақтықтың өміршеңдік маңызын арттырғанын тілге тиек етті.
Түркияда соңғы рет бір ресми қонақасыға қатысқаны үшін біраз кірбең екенін білдірген елші Френсис Рикардоне екі ел қарым-қатынастарының бұрынғыдан да күшті күйге келгенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар