Иракта қақтығыстар жалғасуда

Ирак ұшақтары сепаратистердің бекіністерін бомбалады

112099
Иракта қақтығыстар жалғасуда

Ирак армиясы мен ИЛИМ сепаратистері арасында Тикритте қақтығыстар жалғасуда.
Ирак армиясы өткен аптадан бері Тикрит қаласын қайтарып алу үшін күш жігер салуда.
Бір рет Тикрит университетінің стадионын басып алған Ирак әскерлері қаланы әлі түгелдей қолына ала алмады.
Ирак тікұшақтары түні бойы Тикриттегі ИЛИМ сепаратистері бекіністерін бомбалады.
Ирак Ресей мен Беларустан алған соғыс ұшақтары арқылы майдан шебінде жеңіске жетуді ойлап отыр.
Ресейден Бағдатқа 5 соғыс ұшағы әкелінді.
Ұшақтардың санының 12-ге шығарылуы мен бірнеше күн ішінде Тикритті бомбалауы күтіліп отыр.
Ирак мемлекеттік телеарнасы Иордания шекарасындағы Турейбил қақпасының қайтадан Ирак әскерлерінің қолына өткені мәлімденді.
ИЛИМ-нің сүннит тайпалардың бақылауына тастаған қақпаны қайтадан алған Ирак әскерлері кеден салықтарын алуда.
ИЛИМ халифат жариялағаннан кейін Сирияның Ракка қаласында жеңіс шеруі ұйымдастырғаны туралы хабар бар.
Ирак армиясы болса өз мәлімдемесінде халифат жариялап отырған ИЛИМ сепаратистерінің күллі адамзат үшін қауіп екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар