Екі дипломат еркін жіберілді

Дипломаттарды Тунис президенті Мүнсиф әл Мерзуки мен премьер-министр Мехди Джума қарсы алды.

111328
Екі дипломат еркін жіберілді

Ливияда алып қашырылған тунистік екі дипломат еркін жіберілді.
Тунис Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Тунистің Триполи өкілетті елшілігі бас хатшысы Мқхаммед әш Шейх пен елшінің бірінші кеңесшісі Әл Аруси Бинтатидің босатылғаны хабарланды.
Дипломаттарды Тунис президенті Мүнсиф әл Мерзуки мен премьер-министр Мехди Джума қарсы алды.
Тунистің Триполидегі елшілігінің бас хатшысы 20 наурыз күні, кеңесші болса 17 сәуірде қарулы топ тарапынан алып қашырылған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар