Украинадағы 4 бақылаушы босатылды

Ахмет Дауытоғлұ Мехмет Кылычты қамтыған 4 бақылаушының аман екенін хабарлады.

109179
Украинадағы 4 бақылаушы босатылды

Украинаның шығысында орыс бөлшектеушілерінің қолындағы Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 4 қызметкері босатылды.
Босатылған бақылаушылар арасында түрік бақылаушы Мехмет Кылыч та бар.
Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ сүйіншілі хабарды twitter парақшасынан хабарлады.
Ахмет Дауытоғлұ мыналарды жазды:
«Украинада 32 күннен бері ұсталған Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы бақылаушымыз Мехмет Кылыч кеше түнде тығыз жұмыстардың нәтижесінде босатылды.
Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Украина арнайы бақылау ұйымының төрағасы Ертұғрұл Апаканға осы процестегі талпыныстарына орай рақмет айтамын.
Ирактан да жақсы хабарлар алу үшін барлық ұйымдарымыз жұмыстарын толассыз жалғастыруда.»
Еркіндік алған бақылаушылардың денсаулықтарының жақсы екені білдірілді.
Босатылған бақылаушылар орысшыл бөлшектеушілер тарапынан 26 мамырдан бері кепілге ұсталған болатын.
Әлі із-тозсыз қалған 4 бақылаушы 29 мамырда жоғалған еді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар