Израиль мұсылман елдерге көмек ұсынды

Израиль ISIS қаупіне қарсы сүннит елдерге көмек беруге дайын екенін білдірді.

108943
Израиль мұсылман елдерге көмек ұсынды

Израиль ISIS қаупіне қарсы сүннит елдерге көмек беруге дайын екенін білдірді.
Израиль Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман Парижде Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.
Либерман «Ирак көз алдымызда бөлініп жатыр» деді, Ирактағы сеператистердің Шығанақ елдерінің барлығына қауіп төндіріп отырғанын алға тартты.
Израильдің министрдің айтуынша, қауіп бірінші боп Кувейтке төніп тұр. Ол сүннит елдерге ISIS, Әл Кайда және Иранға қарсы ықпалды және сенімді көмек беруді ұсынды.
Америка Құрама Штаттарында жүрген Израиль президенті Шимон Перес те Таяу Шығыстағы жасанды құрылымның бытырау барысында екенін, Ирактың да тұтас ел болып қалуының екіталай екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар