Обама Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Екі лидер Украина мәселесін талқылады

105164
Обама Путинмен телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Барак Обама Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джо Эрнст екі лидердің Украинадағы жағдайды талқылағанын білдірді.
Обаманың Путиннен тағы бір рет Украинаның шығысында бейбітшілік орнауына қолдау беруін өтінгенін білдірген Эрнст, Обаманың шекарадан қару-жарақ пен әскери жабдықтардың өткізілуіне рұқсат берілмеуін талап еткеніне де тоқталып кетті.
Джо Эрнст сондай-ақ Обаманың Ресей президентінен сепаратистерге беріліп отырған жәрдемнің Украинаны бөлшектейтінін ескерткенін білдірді.
Кикілжіңді шешу үшін дипломатиялық жолдар әлі бар екенін айтып кеткен баспасөз хатшысы дағдарысты шешу үшін нақты шаралар алынбаған жағдайда Ресейге де мұның жағымсыз әсерлері болатынына назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар