БҰҰ-нан Израильді сынға алды

БҰҰ Израильдің палестиналықтарды құқықсыз жазалағанын мәлімдеді

105201
БҰҰ-нан Израильді сынға алды

БҰҰ Израильдің Батыс Шерияда палестиналықтардың өмір тіршіліктерін шектегенін атап көрсетті.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның саяси жұмыстарға жауапты орынбасары Джеффри Фелтман, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Израиль-Палестина мәселесіндегі соңғы жағдай туралы кеше брифинг берді.
Екі ел арасындағы бейбітшіл келіссөздердің тоқтатылуы себепті аймақта мазалайтын жаңалықтардың артқанын атап айтқан Фелтман әсіресе Батыс Шерияда жоғалған израильдік жастарды іздеу барысында палестиналықтардың жәбірленгенін және күнделікті тіршіліктерінің шектелгенін атап көрсетті.
Фелтман соңғы бір айда Батыс Шерияда өлтірілген, жараланған және тергеуге алынған палестиналық санының артқаны аталып, «Израильдің Батыс Шериядағы іздестіру жұмыстары барысында бір айдың ішінде 928 адам тергеуге алынды» деді.
Аталмыш кезеңде Израильдің «заңсыз» тұрғын аймақтарын кеңейткенін және палестиналықтарға тән ғимараттарға зиян келтіргенін атап айтқан Фелтман Израиль жариялаған жаңа тұрғын аймақтары жобасының халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін айтты.
Фелтман Израильді тыныштыққа шақырып, Палестина халқы жасамаған бір қылмыс себепті топтық жазалау саясатының құқықсыз екенін білдірді.
Басқа жағынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Израильдің жоғалған студенттерді іздеу барысында жасаған операцияларда өлтірілген палестиналықтар үшін жарияланатын қайғыру мәлімдемесінің АҚШ пен Иордания жасаған кедергі себепті қабылданбағаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар