Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль жойғыш ұшақтарының Рефах және Газаға 5 әуе шабуылы жасағаны білдірілді

103013
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль жойғыш ұшақтары Газадағы Хамастың әскери қанаты Иззеттин эл-Кассам Бригадасының «Бени Шехила» аймағындағы қоймаларына қоса Хан Юнус, Рефах және Газа секторына бағытталған 5 әуе шабуылы ұйымдастырды.
Сондай-ақ Хан Юнустың бастысындағы «эл-Мудахин» аймағында Кассам бригадасына тән екені алға тартылған әскери лагердің де нысанаға алынғаны атап көрсетілді.
Басқа жағынан Газа секторының оңтүстігіндегі Рефах қаласында Ислами Жиһад ұйымына және Кассам Бригадасына тиесілі жаттығу лагерінің де нысанаға алынғаны білдірілді.
Шабуылда қаза тапқан және жараланған болмағаны білдірілді.
Басқа жағынан Батыс Шериядағы Израиль әскери лагерінің төңірегінде қойшылық жасаған палестиналық бала Израиль әскерінің шабуылында қаза тапты. Израиль әскерінің оқиғаның артынан аймаққа кірістерге рұқсат бермегені, баланың жаназасын болса жанұясына өткізбегені атап көрсетілді.
Наблустың батысындағы Эл-Айн босқындар лагерінде өмір сүрген тағы бір палестиналық Израиль әскері тарапынан өлтірілді.
Палестина денсаулық сақтау министрлігі баспасөз жауаптысы Тариф Ашур қаза тапқан адамның үстінде психологиялық дәрілер бар екенін атап көрсетті.
Израиль радиосы болса оқиғаны «Әскерлердің ‘тоқта’ деген ескертуіне бағынбай Наблус қаласында бақылау бекетіне жақындаған бір Палестиналық өлтірілді. Аталмыш адамның психологиялық мәселелері бар екені байқалды» деп таратты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар