Испанияға жаңа король

Испанияның жаңа королі Фелипе бүгін тәжін тағады.

99583
Испанияға жаңа король

Испанияға жаңа король
39 жылдық король Хуан Карлос тағын баласы әмеңгер ханзада Фелипеге тастайтынын көрсететін заңға қол қойды.
Хуан Карлос 2 маусым күні тақтан кететінін білдірген болатын. Осы үдеріс Корольдік сарайында тақтан кеткенін көрсететін заңды бекітуімен аяқталды.
Заңды алдымен парламент мақұлдады, артынан король заңға қол қойды. Осылайша 1975 жылы король болған Хуан Карлос тағын тастады.
Парламенттік монархиямен басқарылған елде «монархияның жаңалануы» үшін тақтан кеткен Хуан Карлос король атағын символикалық түрде қолдануын жалғастыра береді.
Испанияның жаңа королі Фелипе бүгін тәжін киеді.
Парламент депутаттары алдында өтетін рәсімде елдің королі жарияланады. Фелипе король ретінде жарияланғаннан кейін сегіз жасар қызы Леонор Еуропадағы ең жас әмеңгер болады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар