Табиғи газ құбырында жарылыс

Полтавада газ құбыры желісінде жарылыс болды

98925
Табиғи газ құбырында жарылыс

Кеше Украинада Еуропаға табиғи газ тасымалдайтын құбыр желісінде жарылыс болды.
Алынған мәліметтерге қарағанда Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын газ құбырының Полтавадағы бөлімінде жарылыс болды.
Жарылыс нәтижесінде құбыр желісінде өрт шықты.
Куәгерлер өрт жалынының 200 метрге дейін шыққанын білдірді.
Украина ішкі министрлігі оқиғада өлген немесе жараланған жоқ екенін мәлімдеді.
Әу баста жарылыстың құбыр желісінде қысымды түсіру жұмыстары кезінде болғаны мәлімденген болатын, бірақ Украина ішкі істер министрлігі жарылыстың бетонының астына қойылған бомбадан шыққанын хабарлады. Қазір өрт ұлғайып кетпес үшін құбыр желісінің уақытша жабылған және өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар