Путин Порошенкомен сөйлесті

Бұл туралы Кремль баспасөз орталығы хабарлады.

98446
Путин Порошенкомен сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Петр Порошенкомен телефонда сөйлесті.
Бұл туралы Кремль баспасөз орталығы хабарлады.
Хабарға қарағанда, Владимир Путин Луганск аймағында қаза болған орыс журналистер тақырыбында мазасыздығын тілге тиек етіп, Украинада қызмет атқарып жүрген баспасөз қызметкерлерінің қауіпсіздігінің қамдалуы керектігін айтты.
Порошенко да қаза тапқан орыс журналистер үшін Путинге көңіл айтты, оқиғаға байланысты тергеудің басталуы және баспасөз қызметкерлерінің қауіпсіздігінің қамдалуы үшін нұсқау бергенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар