Израиль палестиналықтарға бағытталған операцияларын арттырды

Израиль бірнеше күн бұрын ұрланғанын алға тартқан 3 еврей жасты іздейді

98563
Израиль палестиналықтарға бағытталған операцияларын арттырды

Израиль бірнеше күннен бері Батыс Шерияда мектептен шыққан кезде ұрланғанын алға тартқан 3 еврей жасты іздейді.
Қауіпсіздік күштері барлық Батыс Шерияны қамтыған көп тұсты бір операция бастады.
Операцияда барлық үйлерге тінту жүргізілуде.
Израиль қауіпсіздік күштері басқын жасаған үйлердің саны 800-ге жақындады.
Басқындарда 200-ден астам адам тергеуге алынды.
Тергеуге алынғандар арасында Палестина Мәжіліс төрағасы Азиз Дувейк, 7 депутат, 2 бұрынғы министр және бұрын еркін жіберілген адамдарда бар екені білдірілді.
Израиль әкімшілігі өткен апта Батыс Шерияда жоғалған, 3 еврей тұрғыны жастың ұрланғанын алға тартып, оқиғаның артынан Палестина әкімшілігін айыптаған болатын.
Жастарды табу үшін Израиль парламенті армияға операция жасауға қоса ауқымды бір жауапкершілік берді.
Палестинадағы Хамас қозғалысы болса Елбасы Махмуд Аббастан палестиналықтарға бағыттап тергеулер жүргізген Израильдің сотталуы үшін Рим келісім-шартына қол қоюын талап етті.
Хамас тергелердің келіссөз үкіметінің жұмыстарына кедергі жасау үшін жасалғаны алға тартылды.
Хамас қозғалысы «заңсыз тергеулердің халықаралық соттар тарапынан сотталуды қажет еткен, парламентер қол сұғылмау құқын ашық түрде таптаған бір соғыс қылмысы екенін» атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар