БҰҰ-нан мойындау

«Мьянмадағы қасірет басқа ешбір жерде болмады»

99070
БҰҰ-нан мойындау

БҰҰ гуманитарлық және төтенше жағдай координаторының орынбасары Куинг-Ва Канг Мьянмадағы тексерулердің қорытындыларын Нью-Йоркта баспасөзбен бөлісті. 

Мьянманың Качин және Рахин аймақтарында көшуге мәжбүр болған адамдар өмір сүретін лагерьлерде 10-14 маусым күндері арасында тексеру жүргізілген еді.
Канг Мьянмада мұсылмандар тұратын лагерьлердегі қасірет пен нашар шарттарды бұрын ешбір жерде көрмегенін айтты. Рахин аймағында оқиғалар басталғаны үш жыл өтті.
Лауазымды мәселенің негізінде Мьянма үкіметінің Рохиня мұсылмандарына деген нашар саясаттары жатқанын айтып, үкіметті мұсылмандардың заңды мәртебесін түзетуі және азаматтық проблемаларының шешуге шақырды.
Араканда жүз мыңдаған адамның гуманитарлық көмекке тәуелді өмір сүріп жатқанын атап көрсеткен БҰҰ лауазымдысы Мьянма үкіметі осы шабуылдардың жауаптыларын сот алдына шығармаған жағдайда БҰҰ қызметкерлерінің де қауіпте екенін айтып ескертті.
Канг Аракандағы лагерьлерде және басқа да аймақтарда өмір сүретін және елдерінен кетуге мәжбүр болған шамамен 140 мың адамның 95 пайызының мұсылмандардан тұратынын айтып, әсіресе мұсылмандар тұратын лагерьлердің «өте нашар» екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар