АҚШ Ливияда шағын операция жасады

Операцияда АҚШ консулдығына шабуылдаған террор ұйымы басшысы ұсталды

98574
АҚШ Ливияда шағын операция жасады

АҚШ Ливияның Бенгази қаласында 2012 жылы ұйымдастырылған және өкілетті елшіге қоса 3 АҚШ азаматы өлтірілген консулдық шабуылы «террор басшысының» ұсталғанын жариялады.
Америка Қорғаныс министрлігі шабуыл күдіктілерінің бірі екені алға тартылған Ахмет Әбу Хатталаның ұсталғанын жариялады.
Шабуылға қосылғаны мәлімденген Хатталаның Ливияда жексенбі күні жасалған құпия операция нәтижесінде ұсталып тергеуге алынғаны білдірілді.
Ливиядан алып шыққан Хатталаның Энсар эл-Шерия террор ұйымының Бенгази тармағы басшысы екені атап көрсетілді.
Пентагоннан жасалған мәлімдемеде Хатталаның Америка Құрама Штаттарында сотталатыны атап көрсетілді.
2012 жылы Бенгазиде жасалған шабуылда АҚШ консулына қоса 3 АҚШ азаматы өлтірілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар