Кенияда лаңкестік шабуыл жасалды

Кенияда Аш-Шабаб лаңкестік ұйымының шабуылдары жалғасуда

97832
Кенияда лаңкестік шабуыл жасалды

Өткенде 50 адам қаза тапқан шабуылдың артынан кеше де ұйымның қырғындары жалғасты.
Шабуылдарда ең кемінде 8 адам қаза тапты.
Сомали шекарасындағы Мпекетониде полиция орталығына, банкке және екі қонақүйге шабуылдаған әл-каидамен байланысты Аш-Шабаб ұйымы кеше түнгі уақытта төңіректегі аудандарға басқын жасады.
Кения көршісі Сомалиде Аш-Шабабқа қарсы жасалған операцияларға қолдау бергені үшін ұйымның шабуылдарына ұшырауда.
Сомалиде ішкі дағдарыстың соңғы кезеңіне қол таңба қалдырған Аш-Шабаб ұйымы елдегі көптеген тұрғын орталығынан алыстатылды.
Дегенмен ұйым елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар