Ядролық келіссөздердің бесінші туры

Бүгін Австрияда Иран мен 5+1 елдері кездесетін болады

97327
Ядролық келіссөздердің бесінші туры

Иранмен 5+1 мемлекеттері арасында Иранның ядролық жобасына қатысты нақты шешім табу үшін жүргізіліп жатқан келіссөздердің бесінші туры бүгін Австрияның астанасы Венада басталады.
Келіссөз үшін Венаға келген Иран сыртқы істер министрі Жевад Зариф бесінші турда ядролық жоба мәселесінің жан-жақты талқыланатынын білдірді.
Зариф келіссөздерден нақты түрде нәтиже алу үшін екі тараптың да жеткілікті уақыты болғанына назар аудара келіп, «Тегеран «қызыл сызықты» бұзбайтын болады» -деді.
Еуроодақтың халықаралық істер мен қауіпсіздік саясатына жауапты өкілі Кэтрин Эштонмен қонақасы дастарханында бас қосқан Зариф Иранның ядролық энергия жобасына қатысты негізгі тақырыптарды талқылағандарын айтты.
Зариф бұл кездесудің жылы атмосферада өткенін білдірді.
Содан кейін Зариф Эштон мен американдық өкілдермен жиналысқа қатысты.
Бүгін болатын келіссөздерде Иран делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчы басқаратын болады, ал 5+1 мемлекеттері атына Эштонның орынбасары Хельга Шмидт қатысатын болады.
Иран мен 5+1 мемлекеттері 24 қараша 2013-жылы Женевада жасалған уақытша келісім шарт бойынша 20 шілде 2014 жылға дейін ауқымды келісім шарт жасауды көздеп отыр. Егер осы уақытқа дейін келісім шарт жасалмайтын болса келіссөздер тағы да 6 айға ұзартылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар