БҰҰ Адам құқықтары Жоғары комиссарлығына ханзада Зейд сайланды

Төрт жылға сайланған Зейд Иордания БҰҰ тұрақты өкілі болатын

97295
БҰҰ Адам құқықтары Жоғары комиссарлығына ханзада Зейд сайланды

БҰҰ Жалпы Кеңесі БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссарлығына Иорданияның БҰҰ тұрақты өкілі ханзада Зейд Раадтың тағайындалуын консенсуспен бекітті.
Ханзада Зейд сайлана салып БҰҰ Жалпы кеңесінде сөз алып осы міндетке тағайындалған тұңғыш мұсылман және араб екенін атап, өзіне берілген қолдау себепті алғысын білдірді.
Ханзада Зейд 4 жылға жалғасатын БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссарлығы міндетін Нави Пиллайдан қыркүйек айында қабылдап алады.
Ханзада Зейдттің орнына Иорданияның тұрақты өкілдігіне Дина Кавар тағайындалады. Кавардың міндетке тағайындалуымен 15 мүшелі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өкілетті елші саны да 6 болды.
Орталығы Швейцария болған БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссарлығы БҰҰ Бас хатшылығының бір бөлшегі ретінде әлемде адамды құрметтеу және құқықтарын қорғау үшін жұмыстанады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар