Нигерияда Боко Харам жасаған қырғындар жалғасуда

Лаңкестік ұйым бір ауылды жаппай қырды

86810
Нигерияда Боко Харам жасаған қырғындар жалғасуда

Лаңкестік ұйымның елдің солтүстігінде жасаған қырғындарында 400-500 адамды өлтіргені білдірілді.
Әскери формамен ауылға кірген ұйым мүшелері әскер екендерін айтып ауыл тұрғындарын алаңға жинап, оқ жаудырған.
1 аптаның ішінде бірінен соң бірі жасалған шабуылдардан құтыла алғандар армиядан жәрдем сұрағандарын дегенмен армияның осы талапқа назар аудармағанын алға тартты.
Басқа жағынан 50 күн бұрын ұрланған қыз студенттердің құтқарыла алмауына наразылықтар жалғасуда.
Уақыт өткен сайын ұрланған қыздардың жанұяларының сабыры таусыла бастады.
Астана Лагоста армия мен үкіметке протест шеруі ұйымдастырылды.
Шерушілер қыз балаларының үйлеріне орала алуы үшін үкіметтен одан көп күш жұмсауын талап етті.
Нигерияда мұның алдында да мектептерге, автовокзалдарға ұйымдастырған қанды шабуылдармен атын айтқызған лаңкестік Боко Харам ұйымы қыздарды еркін жіберу үшін қамаудағы ұйым мүшелерінің еркін жіберілуін талап етеді.
Үкімет ұйымның сұранысын қабылдап, қабылдамау тақырыбында екі ұдайлы.
Баспасөзде Боко Харамға қолдау бергендер бар екені жайлы қауесеттер жарияланды. Армия болса осы қауесеттерді теріске шығарды.
Сыншыл жазулардың артынан әскерлердің газеттердің кейбір баспа аппараттарын кепілдікке алғаны білдірілді. Газеттерді таратқан көліктердің де тоқтатылғаны хабарланды.
Лауазымдылар болса баспасөзге цензура жасау ниеттері болмағанын, жүк көліктерінің кейбіреулерінің маңызды жүктер тасымалдағаны жайлы шағымдар себепті қозғалғандарын алға тартты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар