Сириядағы аштық БҰҰ-ның күн тәртібінде

Сириялық журналист Сириядағы жағдайға назар аударды

84506
Сириядағы аштық БҰҰ-ның күн тәртібінде

Сирияда қоршауда қалған қалаларда аштықтан өліп жатқан адамдардың трагедиясы куәгерлердің де қатысуымен Біріккен Ұлттар ұйымының панелінде талқыланды.
Панельде сөз сөйлеген Сириялық журналист Кусайр Зекерия Дамаск маңайындағы Мудамиеде өзі куә болған оқиғаларды айтып берді.
Мудамиеде Асад режиміне қарсы наразылықтар басталғаннан кейін үкіметтер бар күшімен Мудамие халқына шабуыл жасағанын айтқан Зекерия шерулер аяқталғаннан кейін қаланың қоршауға алынғанын білдірді.
Қоршаудың бесінші айында үйлерде азық-түліктің таусылғанын айтқан Зекерия қалаға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да гуманитарлық жәрдемнің кіруіне рұқсат берілмегендіктен аштық басталғанын білдірді.
Зекерия адамдардың ағаш қабықтарын жеп күн көруге тырысып жатқандарын әңгімеледі.
Асадтың жасаған соғыс қылмыстарын бейнелейтін сөз табудың қиын екеніне назар аударған Зекерия оның Халықаралық сотта тартылуы керектігін айта келіп, «Халықаралық қауымның бұл мәселеде бізге қолдау көрсетуін күтеміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар