АҚШ Сириядағы лаңкестік топтарға қатысты рапорт дайындады
Рапорт Түркияның жылдар бұрынғы уайымдарын растады
Америка Құрама Штаттарында жарияланған бір рапорт Түркияның Сирия туралы уайымдарын растады.
Рапортқа қарағанда әл-каидамен байланысты лаңкестік топтардың саны Сирия дағдарысымен байланысты артты.
Жылдар бұрын Түркияның ескертулеріне үнсіз қарап отырған әлем қазір Сириядағы террористік құрылымдарды қадағалай бастады.
Тақырыппен байланысты бір жұмыс орталығы Вашингтон болған зерттеу мекемесі «Rand Corporation»нан келді.
112 беттен тұратын рапортта Асад әкімшілігіндегі Сириядағы террорлық құрылымдарға назар аударды.
Рапортқа қарағанда 2010-2013 жылдары арасында террорист санының 58 пайыз артқанын көрсетті.
Зерттеуде жалғасқан соғыс себепті ұйым мүшелерінің ең сенімді аялдамасының Сирия екені білдірілді.
Сондай-ақ 4 жылда әл-каида мен байланысты шабуылдардың саны да әжептеуір артты.
Ирак Ислам Дамаск мемлекеті ұйымы шабуылдардың 43 пайызын жүзеге асырып бірінші орын алды.
Түркияның аптаның басында лаңкестік ұйымдар тізіміне қосқан Нусра майданы болса 21 пайызбен 3-ші кезекте орын алды.
Рапортқа қарағанда жалпы әл-каида ұйымы мүшелері санының 45 бен 105 мың арасында екені болжалады.
Осыған қоса Сирияда да шабуылдар ұйымдастырғаны алға тартылады.
Пентагон үшін дайындалған рапортта радикал топтармен күресте Түркия, Иордания және Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттер мен сириялық оппозиционерлермен ынтымақтастық құру талап етілді.
Сирияда террористік құрылымдарға қарсы шара қабылданбаған жағдайда Еуропа мен аймаққа жақын мемлекеттерге шабуылдардың жасала алатыны ескертілді.
Ұқсас жаңалықтар
Кипр тараптары 15 қазанда кездеседі
БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Кипр тараптарының кездесуі туралы хабар берді.