Махмұт Аббас Керримен сөйлесті

Керри мен Аббас келісім үкіметі мәселесін талқылады

79576
Махмұт Аббас Керримен сөйлесті

Палестина президенті Махмұт Аббас АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриге телефон соғып, бейбіт келіссөздер мен келісім үкіметі туралы ой-пікір алысты.
Палестина ресми агенттігі WAFA-ның хабарына қарағанда Махмұт Аббас Джон Керримен телефон арқылы сөйлесіп, құрылатын үкіметтің міндеттерін талқылады.
Керримен келіссөздердің жалғасу мәселесінде бірдей көзқарастағы Аббас жаңа құрылатын үкіметтің тәуелсіздерден құралатынын және келешекте сайлауда жеңіске жетуді көздеп отырғандарын айтты.
Сондай-ақ бүгін Фатх пен Хамас қозғалыстарының өзара келісімге келіп, Рамаллахтағы Палестина үкіметінің премьер-министрі Рами Элхамдуллахи басқаратын келісім үкіметінің құрылуы және үкімет мүшелерінің ант ішіп, қызметіне бастау күтілуде.
Ал Хамас спикері Сами Әбу Зухри жазбаша мәлімдеме жасап құрылатын келісім үкіметінде Тұтқындар министрлігінің де болуы керектігін білдірді. Әбу Зухри Хамастың бұл шешімін Фатх қозғалысына білдіргенін айтты. Фатх тарапынан әлі бұл туралы бір мәлімдеме жасалған жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар