Кувейт әмірі Иранға барады

Cириядағы азаматтық соғыс салдарынан бұзылған Шығанақ елдері мен Иран арасындағы қатынастар қалпына ене бастады.

79534
Кувейт әмірі Иранға барады

Cириядағы азаматтық соғыс салдарынан бұзылған Шығанақ елдері мен Иран арасындағы қатынастар қалпына ене бастады.
Сауд Арабиясы Иранмен келіссөзге дайын екенін мәлімдегеннен кейін басқа бір шығанақ елі Кувейт әмірі Сабах Ахмет Жабир Иранға барды. Өзі міндетке келген 2006 жылдан бері алғаш рет Иранға барған Кувейт әміріне бес министр серік болуда.
Иран президенті Хасан Рухани Шығанақ елдеріне жылы жолдамалар берген болатын. Аталмыш сапар осыдан кейін ұйымдастырылды.
Руханидің осы қадамы Иран Сирияда Асад жүйесіне қолдау бергеннен кейін кикілжіңге айналған қатынастарды жұмсарту ретінде пайымдалып отыр.
Кувейт әмірі Жабир президент Рухани және Иранның діни басшысы Айетуллах Али Хаманеймен кездеседі.
Кездесуде екі жақты байланыстармен қоса аймақтық тақырыптар да қолға алынады,
Кувейт жағы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы мәселелердің шешілуі үшін бітімгер бола алатындарын жариялаған еді.
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Сууд Файсал ирандық әріптесін еліне шақыратынын мәлімдеп, Иран да осы шақыруға жылы қараған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар