Барак Обама Еуропа турына шығады

Күн тәртібіндегі басты мәселе Украина дағдарысы

79656
Барак Обама Еуропа турына шығады

АҚШ президенті Барак Обама өткен апта жалпылама мәлімет берген сыртқы саясат туралы сөйлеген сөзінен кейін бірінші рет шетелге іс сапармен шығады.
4 күнге созылатын Еуропа турында күн тәртібіндегі маңызды мәселе Украинамен әлі тіке тіресіп отырған Ресей.
Алғашқы аялдама Польша..
Обама НАТО-ға мүше Польшада Украинаның жаңа сайланған президенті Петро Порошенкомен сәрсенбі күні бас қосатын болады.
Екі лидер сайлаудан кейінгі елдің экономикасы мен конституциялық реформалары мәселесін талқылайтын болады.
Украинаның шығысында жалғасып жатқан қақтығыстар, шекаралық аймақтарға шоғырланған Ресей әскерлері де талқыланатын болады.
Американдықтар соңғы күндері Мәскеу билігінің кейбір адымдар атқанымен кикілжіңді шешуге тиіс керекті шараларды алмай отырғанын білдірді.
Осы мақсатпен Обама Еуропалық әріптестерінен Путин үкіметіне қысымның арттырылуын, басқа санкцияларды күн тәртібіне алуын талап ететін болады.
Бірақ Еуропа елдерінің Ресеймен сауда қарым-қатынасы бұл санкцияларда Обаманы қиын жағдайға түсіретін сияқты.
Обаманың екінші аялдамасы Бельгия болады.
Әлемнің дамыған 7 елі қатысатын Г-7 жиынана қатысатын болады.
Лидерлер Еуропа елдерінің Ресейге энергия тәуелділігін азайту жолдарын талқылайтын болады.
Бұл жиын Украинаға араласуына байланысты Ресейдің бойкот етіліп, шығарылған бірінші Г-8 жиыны болады.
АҚШ президенті содан кейін Францияға барады.
Нормандия әскери әрекетінің 70-жылдық мерәсімдеріне қатысатын болады.
Amerikan Başkanı ardından Fransa’ya geçecek.
Бұл жерде Ресей президенті Путин, Қырым мен Украина дағдарысынан кейін Обама және Еуропалық лидерлерімен бірінші рет бетпе-бет кездесетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар