Сирия тағы қан көліне айналды

Соңғы шабуылдарда 71 адам қаза тапты, 200-ден астам адам жараланды

78906
Сирия тағы қан көліне айналды

Асад күштерінің ел көлемінде жасаған шабуылдарында 71 адам қаза тапты, 200-ден астам адам да жараланды.
Халепте оппозиционерлердің режим күштерінің штаб патер ретінде қолданған ғимараттың жарылуы нәтижесінде 40 әскер қаза тапты.
Сирия әуе күштеріне тиесілі жойғыш ұшақтар елдің екінші үлкен қаласы Халепті нысанаға алды.
Бірнеше сағатқа жалғасқан әуе шабуылында араларында әйелдер мен балаларда бар көптеген адам қаза тапты.
Сирияда тұңғыш рет режимге қарсы оппозиционерлермен бірге соғысқан бір американ азаматы жасаған жанкешті шабуылда 15 адам қаза тапты.
Вашингтон әкімшілігі шабуылды жасаған жанкештінің Флорида да дүниеге келген Мұхаммед Әбу Салха екенін жариялады.
Басқа жағынан Сириядағы қақтығыстарда тек қана мамыр айында 9 журналисттің қаза тапқаны білдірілді.
Сирия Адам құқықтарын бақылау ұйымының рапортына қарағанда Сирияда 6 баспасөз өкілі алып қашырылды, 13 журналист жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар