Стамбұлда Ядролық саммит өтуде

Саммитте ядролық энергияға байланысты Түркияның жасырын күші мен жобалары қолға алынады.

78304
Стамбұлда Ядролық саммит өтуде

Халықаралық Ядролық стансалар саммиті Стамбұлда ұйымдастырылды.
Инвестрлар мен академиктердің басын қосатын саммитте Түркия ядролық энергия байлығы мен жобалары үстелге әкелінді.
Энергия және табиғи байлықтар министрінің орынбасары Мұрат Мержан ядролық күш стансаларын құру тақырыбында саяси бір жігер белгілегендерін білдіріп, дамыған елдерде болғанындай, Түркияда да ядролық стансалардың салынатынын айтты.
Халықаралық Ядролық стансалар саммитінің алғашқы күнінде Түркия үшін ядролық стансалардың маңызына назар аударылды.
Самитте Мерсин Аккуюда салынатын ядролық стансада жасалатын қауіпсіздік шаралары да баяндалды.
Мерсин Аккую ядролық стансасының жетекшісі Фуат Акундов қауіпсіздікке байланысты әлемнің ең дамыған технологиясын қолданғандарын айтты.
Екі күн жалғасатын саммитте ядролық энергияға байланысты Түркияның жасырын күші мен жобаларының күнделікті жағдайы қолға алынады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар