Украинада президент сайлаудың артынан қақтығыстар артты

Қақтығыстар шоғырланған Донецкте ауруханалардың моргтары мәйіттерге толды

75459
Украинада президент сайлаудың артынан қақтығыстар артты

Қақтығыстар шоғырланған Донецкте ауруханалардың моргтары мәйіттерге толды.
Ресей жақтаушысы қаза тапқан бөлшектеушілер саны 100-ге жақындағаны атап көрсетілді.
Жаңа президент Петр Порошенконың бөлшектеушілерге қарсы тұрақты ұстанымының қақтығыстардың артуында ықпалды болғаны атап көрсетілді.
Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы сайлаудың артынан президент Порошенкоға мықты қолдау берді.
Брюссельде жүзеге асқан Еуропа Одағы саммитінің артынан Еуропаның басшылары Ресейден «Жаңадан сайланған заңды президентпен ынтымақтасуын» талап етті.
Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама болса Украина президенті Порошенкоға телефон шалып, қолдауын жеткізді.
Обама Украина басшысымен келесі апта өтетін Еуропа саммиті алдында бас қосады.
Ресей басшысы Владимир Путин болса Украина тақырыбын Франция президенті Франсуа Олландпен 5 маусым күні Парижде қолға алады.
Ресей Украина шекарасындағы әскерлерін кері шегетінін жариялаған болатын.
НАТО-дан осы тақырыпта қызық бір мәлімдеме келді.
Украина шекарасында мыңдаған орыс әскерінің шегінгенін атап НАТО тек қана он мыңдаған әскердің әлі шекарада екенін атап көрсетті.
Дүйсенбі күнінен бері үн түнсіз жоғалған ЕҚЫҰ бақылаушыларының орыс жақтаушылары тарапынан алып қашырылғанын қазірше жағдайларының «жақсы» екенін атап көрсетті.
Дипломатиялық ақпарат көздері үн түнсіз жоғалған 4 бақылаушының Дания, Швейцария, Түркия және Эстония азаматтары екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар