Мысырда басталған президент сайлауы шатаққа айналды

Мысырда тартыстарға себеп болған президент сайлауының мерзімі тағы бір күнге ұзартылды

75466
Мысырда басталған президент сайлауы шатаққа айналды

Мысырда тартыстарға себеп болған президент сайлауы тағы 1 күнге созылды.
Шешімнің екінші күні де қатысқан сайлаушы санының өте аз болуының артынан қабылданғаны білдірілді.
Мықты саяси қарсыластарының сайлауға кіруіне тыйым салған Абдүлфеттах эс-Сиси сайлаудың жалғыз жеңімпазы боп көрсетілуде.
Сисидің жалғыз қарсыласы өте аз дауысқа солшыл Хамдин Сабахи. Ресми мәлімдеме әлі жасалған емес дегенмен сайлауға қатысудың тек қана 25 пайызды құрағаны білдірілді.
Тіркеулі 54 миллион сайлаушы болғанына қарамастан дауыс бергендер саны 10 миллионнан аспайды.
Полицияның кейбір жерлерде халықты күштеп дауыс беруге апарғаны жайлы қауесеттер алға тартылды.
Әділет министрлігі дауыс бермегендерге ақшалай жаза берілетінін жариялады, Мысыр медиасында дауыс бермеген азаматтар сатқыншылықпен айыпталады.
Әлеуметтік медиада жарияланған кейбір көріністер болса сайлаумен байланысты пікірталастарды арттыратын сияқты.
Бейнекөріністерде сандық қызметкерінің бос дауыс беру құжаттарын толтырып жатқаны байқалады.
Мысыр үкіметі мен медиасының 10 айдан бері «елді басқара алатын жалғыз үміткер» ретінде Сисиді таныту талпыныстарына назар аударылып, қатысушы санының аз болуының осы талпыныстарды босқа шығарғанын, Сиси мен жақтаушыларына ауыр соққы екені пайымдалады.
Басқа жағынан сайлаудағы алаяқтыққа наразылық көрсеткен мысырлықтар, Каир мен Александрияға қоса әртүрлі қалаларда наразылық шерулері ұйымдастырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар